Қоректендіргіштер

Главная / Каталог / Қоректендіргіштер

Қоректендіргіштер

Шлюзді және тілімшелі, шнекті және дірілді, таспалы және роторлық қоректендіргіштерді өткіземіз.

Қоректендіргіш – сусымалы, кесек және дана жүктерді бункерлерден, тиеуші жаймаларалан, қораптардан және басқа да тиеуші құрылғылардан өңдеуші машиналарға (станоктарға, диірмендерге және т.б.) бірқалыпты беруге арналған құрылма.

Қоректендіргіш металлургиялық, цементтік, тау-кендік, байытқыш, құрылыстық және басқа да өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының технологиялық желілерінде, сондай-ақ құрғақ құрылысы қоспаларын шығару жөніндегі желілерде қолданылады.

Құрылғылар құрылмасы ірге тас салуды және құрал-жабдықты құрастыруды, технологиялық желілердің барлық құрамдас бөліктерін үйлестіруді және құрал-жабдықты технологиялық желіге жеңіл орнатуды қарапайым етеді. Бұл шығарылатын құрал-жабдық сипаттамаларының шегінде тұтынушы алдында тұрған ең қиын тапсырмаларды шешуге арналған кез-келген желіні үйлестіруді мүмкін етеді.

Барлық үлгідегі қоректендіргіштер жекелеген және агрегатты түрде өндіріледі, сондай-ақ тасымалдана алады және жылжымалы бола алады, және қоректендіргіштен, уақтағыштан, кеңістіктік рамадан, қызмет көрсету алаңынан, конвейерден, электр құралынан тұратын уақтағыш агрегаттарының құрамына енеді.

Тоқтаусыз әрекет ететін құрал-жабдық берілетін материалдың көлемі қайта өңделу қабілеттігіне қатаң сәйкес болған жағдайда ғана анағұрлым көп қайтарыммен жұмыс жасайды. Бұл көлемнің азаюы немесе жоғарылауы машина өнімділігіне теріс әсер етеді және дайын өнімнің сапасы мен мөлшерін өзгертеді.

Қосымша ақпаратты Сіз маркетинг бөлімінде мына телефондар бойынша біле аласыз: 247-53-67, 247-53-68, 247-53-69

АРНАЙЫ ҰСЫНЫСТАР