Компания туралы

Кен өндіру саласындағы кәсіпорындарының көтере сатып алу қызметінің негізгі мақсаты - өндірісті қажетті жақсы сапалы қосалқы бөлшектермен қысқа уақыттың ішінде қамтамасыз ету  болып табылады. 

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бұзылымы экономикалық шығындарға, сондай-ақ   кәсіпорынның өнімділігінің төмендеуіне себепші болады.

«ДРОБсервис» осындай оқиғаларға жол бермеу үшін ұйғарылған

«ДРОБсервис» компаниясын құрудың шешуші идеясы кен өндіру өнеркәсібі саласында жұмыс атқаратын шектеусіз барлық кәсіпорындарға жабдықтау мәселелерін кешенді түрде шешудегі  жәрдем беру болып табылады. Біз белгіленген мерзімде және бәсекелес бағалар бойынша қосалқы бөлшектермен жедел қамтамасыз етіп, Сіздің компанияңызға бәсекелестеріңізден бір қадамға алда болуыңызға көмектесеміз. Біздің артықшылығымыз - қызметкерлердің кәсіпқойлығы менен уақтау жабдықтары нарығындағы тоғыз жылдық жұмыс тәжірибесін үйлестіре білу болып табылады.

О компании

Біздің негізгі мақсат жеке-дара жетікізілім емес, ал көпжылдық және нәтижелі ынтымақтастық болып табылады. 

Біздің негізгі ұстанымымыз — өзіміздің барлық міндеттемелерімізді жақсылап орындаудың  жауапкершілігі.

«ДРОБсервис» өзінің бағындырған шыңдарымен шектеле қоймайды.  

Өндіріс пенен жеткізілім шекараларын кеңейте тұра, біз өзімізді тұрақты жетілдіреміз де өзіміздің келермендерімізге бізбен бірге жетілулеріне мүмкіндік ұсынамыз.

Тиімді жұмыс атқаратын компанияны, өздерінің алдына қойылған міндеттерді уақытылы орындай білетін біліктілігі жоғары мамандарынсыз елестету мүмкін емес. Біз кәсіпорындағы фирма ішілік қатынастардың айрықша жүйесін құрастырып, оны енгіздік. Осы жүйе іскерлік тұрғыда жетілдірілу ұстанымына негізделген. Бұл өз орнына жұмыс ұжымының әрбір мүшесінің нәтижеге қатысты жауапкершілігін сақтай отырып, бүкіл жұмыс ұжымының күштерін жұмыстың сапасын арттыру үшін бағыттауға мүмкіндік жасайды.

Өзіміздің «Южно-Уральский Ремонтно-Механический Завод» ЖШҚ кәсіпорынымыздың базасында біз келесілер үшін қосалқы бөлшектерін өндіреміз: ҰА-16, ҰУА-741, 108, 109, 110, 111 а/б, 118 а/б, ОУК/ҰУК 600, 900, 1200гр/т, 1750 гр/т, 2200 гр/т.

ДРОБсервис Үлкен Оралдың әрекет ететін және тәжірибелі өндірістік кәсіпорындарымен  қоғамдасу шарттарында жұмыс жасай отырып, өзінің өндірістік ресурстары менен аумақтарымен шектелмейді.

Өндірістің заманауи технологияларын меңгеру бойынша жұмыстар жүргізіледі, атап айтқанда:

  • 2008 жылдан бастап «ДРОБсервис» «ЮУРМЗ» ЖШҚ базасында (ТҚ түріндегі) тілімшелі қоректендіргіштерді, (ЖИҚ, ОИҚ, АИҚ түріндегі) инерциялық құм електерді, конвейерлік жабдықтарды өндіруге кірісті;
  • 2010 жылдан бастап «ДРОБсервис» өзінің болашақ тапсырыскерлеріне СҚҚ (суық-қатқыш қоспалар) әдісімен дайындалған 110г13л болат қосалқы бөлшектерін ұсынады;
  • 2010 жылдан бастап «ДРОБсервис» өз келермендеріне уақтау жабдықтарын іске қосу, жөндеу және орнату бойынша маманды шақыру қызметін ұсынады.

Барлық дайындалатын қосалқы бөлшектер сапа бойынша тексерістен өтеді, онысы тиісті Сертификатпен расталады.Барлық жеткізілетін қосалқы бөлшектерге 90 күннен бастап кепілдік беріледі. Көлік кез келген түрімен жеткізу. Жеткізіп беру үшін біз өзіміздің көлігімізді ұсына аламыз.Төлем шарттары жеткізілім көлеміне байланысты орнатылады.

Өз жеке басым және өзімнің кәсіпқойлар тобы «ДРОБсервис» ЖШҚ Сіздің тұрақты жеткізушілері тізіміне енгізу қажеттілігін іспен дәлелдеуге дайын.

Құрметпен, 

Максим Волгунцев 

Біздің серіктестеріміз

АО «ЭКГСервисХолдинг»

Біздің серіктесіміз ЭКГ СервисХолдинг компаниясы болып табылады. «ЭКГСервисХолдинг» ЖАҚ — ЭКШ эксковаторларына арналған қосалқы бөлшектерді, ЭКШ 5а қосалқы бөлшектерін өндіру және жеткізумен айналысатын мамандандырылған компания.